Ал, Астана қаласы үздіктердің рейтингінде 5-орында тұр. Lonelyplanet.com қала туралы «Қазақстанның кең байтақ даласының үстінен ұшып келе жатқанда көзіңе жазық далада салынған әдемі қала көзге түседі. Онда алтын түстес шатырлар мен әйнек ғимараттар көп», деп жазады.
Авторлар Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі өткізіліп жатқанын да атап өткен. Елордамыздың үздіктердің қатарына енуіне оған 45 елдің азаматтарының визасыз кіре алатыны да себеп болып отыр екен.

