ЭКСПО: Қазақстанның ұлттық музейіне Наполеонның қылышы қойылды

Наполеон Бонапарт бұл қылышты Тильзит келісімін жасау кезінде Александр біріншіге сыйға тартқан. 

Фото: Inform.kz

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары енді музейден императорлардың қылыштары мен жауынгерлердің өзге де қару-жарақтарын көре алады. Олар «Шығыс пен Батыс: Эрмитаж мемлекеттік жинағындағы көне қарулар» көрмесінде топтастырылған. Көрме «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылып жатыр.

Қару-жарақ

Көрмеден Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия сынды өзге де елдердің ұрысқа, аңшылыққа, салтанатты шерулерге арналаған қару-жарақтарын көруге болады.

Олардың хронологиялық жасы 15-19 ғасыр аралығындағы 400 жылды қамтиды.

Олардың ішінде Наполеон Бонапарттың Тильзит келісімі кезінде Александр біріншіге сыйға тартқан қылышы да бар.

13 пікір

  1. Мен жалпы музей аралағанды жақсы кқремін. Ол елдің тарихымен таныстырады келген турстерді, қонақтарды. Мен барған елімде бірінші музейін аралап көремін

  2. Барып көретін екен. Суреттерден көрген бөлек, барып көрген мүлде бір бөлек екен

  3. Суық қарудың түрлерін көріп тұрмын. Ал, музей ішінде суретке түсуге бола ма? фотоаппарат үстап алыпты туристер

  4. кеше ғана тамашалаған едім, осы жерге соқпай өтіп кетіппін, келесі жолы міндетті түрде көретін боламын!

  5. көз сүрінеді тура. біріне кіріп технологияны, біріне энергетика, бірінен мәдениетті тамашалап жүре берсем, мұнда тіпті қылыштар орын тапқан. Керемет!

  6. 15-19 ғасырдағы дүниелер эксподан көрініс тапқанына қарап көрме—мұражай деп атаса да болады екен.

  7. Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия сынды өзге де елдердің қару-жарақтарымен қатар біздің ұлтымыздың саймандары бар болар.

  8. Наполеонның қылышын көруге барамыз енді. Бірақ бұл музей танымды болуы тиіс, көптеген жаңа экспонаттар бар екен

  9. Осындай музейлерге өскелең жастарды апару керек деп ойлаймын. Тарихпен танысып, көздері ашылады. Көпті білетін болады.

  10. Бұл музей қай жерде екен? Жақында Астанаға ЭКСПО-га барамыз. Сонда барып көру керек екен

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version