Рио Олимпиадасында топ жарған қазақстандық спортшылар сыйақыны жаңа курспен алады

Сондай-ақ, күміс медаль үшін – 150 мың, ал қола жүлдеге 75 мың доллардан тағайындалған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Сонымен қатар, үздік алтылыққа енген спортшылар да сыйақыдан құр қалмайды. Яғни, 4-орынға – 30 мың, 5-орынға – 10 мың және 6-орынға 5 мың доллардан беріледі. Одан бөлек, спортшылардың жеке жаттықтырушыларына да осындай көлемде сыйақы қарастырылған.

Барлық сыйақы доллардың қазіргі курсы бойынша теңгемен беріледі. Бұл биылғы Олимпиадаға қатысушылар сыйақыны төрт жыл бұрынғы додада топ жарған спортшылардан екі жарым есеге көп алады деген сөз.

Дәл бүгін, яғни 27 қаңтар күнгі Ұлттық банктегі бір доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 380-ге тең. Соған орай, биыл чемпион атанған саңлақ 95 миллион теңгені қалтасына басады. Ал Лондон Олимпиадасы өткен 2012 жылдың тамыз айында бір доллардың бағасы 149 теңге болып, «алтын» алғандарға 37 миллион 250 мың теңгеден берілген еді.

Еламан Қоңыр.

Дереккөзegemen.kz