Зеренді көлінің жағасындағы лагердің ашылу салтанатына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстаннан жиналған жүзге жуық белсенді жастар қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш лагерь 10-16 шілде бойы өтпек.