Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың пікірінше, жұмыссыздықтың себебі көпшілігінің кәсіби білімінің нарықта сұранысқа сай келмеуінен.
«Жыл басынан нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен 21 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Алдағы уақытта тағы 70 мың қазақстандықты кәсіби оқыту жоспарланып отыр. Ал кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша қалалар мен ауылдарда 6 мыңға жуық шағын несие беру көзделген. Бұған дейін берілген 384 несие алушының жартысына жуығы жеке істерін сәтті дөңгелетіп алды», — дейді Біржан Нұрымбетов.