Басты бетЭкономика2018 жылдан бастап көліктерге арналған "әдемі" нөмірлердің бағасы өзгереді

2018 жылдан бастап көліктерге арналған «әдемі» нөмірлердің бағасы өзгереді

Жаңа жылдан бастап «әдемілердің» қатарына 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707, сондай-ақ ешбір сансыз, тек әріптермен берілетін ААА (АА), ВВВ (ВВ), ССС (СС), …, ZZZ (ZZ) сынды нөмірлер де енеді. Әріптерден ғана тұратын нөмірлерді алу үшін 129 333 теңге (5700% АЕК ) төлеу керек. Жоғарыда көрсетілген жаңа цифрлы нөмірлердің құны — 258 666 теңге (11 400% АЕК).

Ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандарынан тұратын әріптері бірдей нөмірлер 646 665 теңгеге (28 500% АЕК) бағаланады.

100, 111, 200, …, 999 цифрлары мен бірдей әріпті нөмірлер — 440 186 теңге (19 400% АЕК).

Айта кетейік, 2017 жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2269 теңгені құрайды.

ДереккөзNur.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да