Әскери-патриоттық клубтар арасында республикалық турнир өтті

Алматыдағы ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығында, қоян-қолтық ұрыстан Борис Керімбаев жүлдесіне арналған арнайы республикалық турнир өтті. 

Жалпыкомандалық есепте Шығыс Қазақстан облысының «Патриот» әскери-патриоттық клубы бас жүлдеге ие болса, екінші орын Қостанай облысынан келген «Олимпке», ал үшінші орын Алматылық «Жетісу тарландары» клубына бұйырды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға ауған соғысының аты аңызға айналған ардагері, «Қара майор» атымен танылған Борис Керімбаев атындағы арнайы жүлде берілді.

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің басшысы, подолковник Расул Мейірманов: «Біз үшін осындай арда азаматтың жүлделеріне арналған турнир өткізу — үлкен мақтаныш. Борис Керімбаев қашан да өзінің ерлігімен, аңғарымпаздығымен және сергектігімен көзге түсе білді. Ол жауды жеңу үшін әскери ережелерді сақтау керек екенін үнемі есінде ұстап, темірдей тәртіпті қолдады. Турнирдің барлық қатысушыларына дәл сондай отан қорғаушы болуларын тілеймін!»,- деді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз