Димаш Құдайбергеннің есімі берілген ұшақ Moonlight blade онлайн ойындар желісіне арналған. Ұшақ өзінің алғашқы рейсін Шанхай-Пекин бағытында 22 тамыз күні орындайды.
«Қазақ баласының атымен енді ұшақ жарыққа шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырыспен ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ Moonlight blade онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға арнап «Уақыт-теңіз» атты саундтрек шығарған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың суреті бейнеленетін болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ. Димаштың барша жанкүйерлеріне құтты болсын айтамын!», — деп жазды Алпамыс Шаримов өзінің Instagram парақшасында.