Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін үш заңға қол қойды

Akorda.kz сайтының хабарлауынша, Елбасы бүгін мына Заңдарды қабылдады:

  1. Қолданыстағы заңдарды Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  2. Өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіруге және электр энергетика саласындағы реттеуді жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version