Akorda.kz сайтының хабарлауынша, Елбасы бүгін мына Заңдарды қабылдады:
- Қолданыстағы заңдарды Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- Өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіруге және электр энергетика саласындағы реттеуді жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
- Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.