Ерболат Беделхан Ринат Заитовқа қарсы жауап берді

Ең алдымен әнші ақынға өзін таныстырып өтті: «Орданың» баласы деп отыр. Менің атым Ерболат. Топтың аты 91″. Ал жалпы Ринаттың пікіріне ол екі-ауыз сөзбен жауап берді: «Меніңше, Ринат бауырым, ішін қазып білмей жатып өз ойын білдірген сияқты. Айту, пікір білдіру, бұл біздің мамандығымыз ғой. Біз бұған үйреніп қалғанбыз», — дей келе Ринатқа оған жолығуын сұрап, бұл бағыттың қыр-сырын түсіндіріп беремін деді.

Айта кетейік, Ерболатқа дейін інісі Есболат та бұл мәселеге байланысты өз ойын білдірген болатын: «Ринатқа «NinetyOne»» тобының шығармашылығы, нақтырақ айтсақ бәлкім жігіттердің  сыртқы бейнесі ұнамайтын шығар. Ол өз пікірін айтып тұр. Менің жеке басымда Ринатқа тағар мінім жоқ», – деді Есболат.

Продюсер халықтың сүйіктісіне айналған Ринат «NinetyOne» тобының жаңадан басталып кележатқан өнеріне кедергілер келтіретін пікір айтқанын жасырмады.

«Сонда да Ринатқа  еш айтар мінім жоқ. Не ойы бар білмедім. Ерболаттың шәкірттері  жолдарын тауып өнерлерін көрсетер. Бастысы жігіттер нағыз өнер иелері және олар оны дәлелдейді! Алтын жерде жатпайды!», – деді Есболат Беделхан.

Естеріңізде болса, отандық арналардың бірінде Ринат Заитов «Ninety One» тобын шығарып отырғандардың бәрін қылмыскер атаған болатын. Айтыскердің пікірінше, мұндай топ қазақи менталитетке мүлде сай емес. Топтың көптеген жанкүйері ақынның бұл пікіріне қарсы шығып, топты жақтай жөнелді. Дегенмен халықтың басым бөлігі ақынды қолдайтын пікірлер жазды.

Дереккөзbaistars.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

70-ке жуық оқушыға Ақордада экскурсия ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.

Қазақстанда үш мыңнан астам сарбаз әскери ант қабылдады

Астанада «Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының №68665 әскери бөліміне келген жастар салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі БҚО-ның әлеуетімен танысты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев екі күндік жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.

Президент: Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді

Президент 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады.