Басты бет Қоғам Қазақстанда діни мекемелердің қызметін қолдау үшін «Уақып» қоры құрылды

Қазақстанда діни мекемелердің қызметін қолдау үшін «Уақып» қоры құрылды

Қор әртүрлі әлеуметтік жобаларды қолдауды жүзеге асырады.

Нұрлан Ермекбаев

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Уақып» корпоративті қайырымдылық қоры құрылды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, «Уақып» қорының қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады. Қор президенті болып Қайрат Айтбай сайланды.

«Уақып» қорының міндеттері:

  • елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу;
  • тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету;
  • балалар мен жастардың физикалық және интеллектуалдық дамуын қолдау;
  • діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу;
  • мамандардың біліктілігін көтеру және шалғайда орналасқан діни бірлестіктердің әлеуметтік мәселелерін шешу.

Осы аталған міндеттерді шешуге сауапты іс жасауға ниет білдірген елдің барлық азаматтары, Қазақстанның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары, сондай-ақ, шетелдік және халықаралық ұйымдар шақырылады.

«Уақып» қорының өкілдері азаматтар қайырымдылық қолдауды қаржылай, жылжымалы және жылжымайтын мүлік түрінде көрсете алатындығын атады.

Қордың құрылтайшылары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Халықаралық діндер және мәдениеттер орталығы және Дін мәселелері жөнінде талдау және ғылыми-зерттеу орталығы.

2 пікір

  1. Сәлеметсіздер ме, «Уақып» Қайырымдылық қорының қызметкерлері!
    Мен интернет жүйесінен осы қордың ашылғаны туралы ақпаратты оқып риза болып отырмын. Астана қаласында мүгедек балалары бар ата-аналармен жұмыс істеймін. Сіздерге төмендегідей сұрақ қойсам болады ма?
    Мен жұмыс істейтін орталықта оңалту емшарасын алатын кейбір отбасында екі мүгедек бала асырып отырған ата-аналар көмек сұрайды. Сіздер мұндай отбасыларына материалдық жағынан қөмектесе аласыздар ма?

  2. Осындай көмекке мұқтаж жандарға көмектескендеріңіз үшін, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version