Басты бет Қоғам Шымкентте жас мұғалімдерге тегін жатақхана беріледі

Шымкентте жас мұғалімдерге тегін жатақхана беріледі

Шымкенттегі қала мектептерінде 270 мұғалім жетіспейді. Ал бастауыш мектептегі бала тәрбиесіне 120 маман керек.

Жергілікті білім бөлімінің мамандары осы мәселені шешу үшін жас мұғалімдерге тегін жатақхана бермек. Жұмысқа қабылдануы үшін кез-келген жас маман қалалық білім бөліміне өтінішін электронды түрде жіберіп, сынақ тапсыра алады. Бұл жүйе бойынша қазір 140 ұстаз жұмысқа қабылданған.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мектептерге алдымен бастауыш сынып мұғалімдерін жұмысқа алатынын айтып өтті.

«20 адамға орын бөлінеді деп жоспарланып отыр. Әрине, бірінші кезекте біз бастауыш сыныптың мұғалімдерін шақырған болар едік. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтарға қосымша сағаттар беріліп, оның айлық жалақысының жоғары болуы да қадағаланатын болады, — дейді ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version