Астана күнінде 38 жұп некесін қидырды

Биылғы Астананың туған күнінде неке қию салтанатына 18-ден 40 жас аралығындағы 38 жұп қатысты. Шара барысында жас жұбайларға Түркия мен Бурабайға жолдама және теледидар, түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылды. Неке қию кезінде әуеге шар ұшыру, той вальсін билеу, тәтті торттан дәм тату рәсімдері болды.

Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы жас жұбайлар үшін фотосессия ұйымдастырып, арнайы қолдау білдірді.