Астанада бірнеше көшеде жол қозғалысы жабылды

Берілген мәліметке сүйенсек, қаладағы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты көлік қозғалысы үшін жолдар жабылған.

Шілденің 9-31 шілде аралығында Б.Бейсекбаев көшесі, Тарxан көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі жолдар жабылады. Сондай-ақ, 10-23 шілде аралығында А.Аxматова көшесі, Күйші Дина көшесінен Петров көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Ал 10-30 шілде аралығында Ақбидай көшесі, К.Кемеңгерұлы көшесінен Өндіріс көшесіне дейін аралықта жолдар жабылады. Сонымен бірге, Оқжетпес көшесі, К.Байсейітова көшесінен Ш.Бейсеков көшесіне дейін жол жабылады.

Астана тұрғындары мен қонақтарына қала ішінде кептеліске тап болмас үшін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы маршруттарды анықтап алуға кеңес береді.