Басты бетЖаңалықтар"Алматылықтар діни экстремизм мен терроризмге қарсы!" акциясы өтті

«Алматылықтар діни экстремизм мен терроризмге қарсы!» акциясы өтті

Аталмыш шара ұйымдастырушысы — Алматы дін істері басқармасының МКК «Cараптама және зерттеу орталығы». Бұл акцияның басты  мақсаты — бейбітшілік пен келісімді насихаттай отырып, діни экстремизм мен лаңкестік мәселелерге тосқауыл қою әрі қоғам назарын аудару болып саналды.

Өзге шаралардан акцияның басты ерекшелігі — «пікір» стендісінің қойылғаны болды. Стендқа әрбір адам еркін түрде өз пікірін екі тілде  жазды. Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнен зардап шеккендерге қолдау сөздерін білдірді.

Бұдан бөлек, бағдарлама бойынша акция барысында балалар үшін арнайы шоулар, концерттік бағдарламалар көрсетіліп, тегін тәтті тағамдар мен сусындар үлестірілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да