10 шілдеден бастап Halyk және Qazkom біріккен банкоматтар желісінде ешқандай айырмашылық болмайды.
Қазіргі таңда Халық банк 6 млн карта ұстаушыға қызмет көрсетсе, ал Қазкоммерцбанкте – 2 млн астам, Қазақстанның экономикалық белсенді азаматтарының көпшілігі екі банктің біріктірген банкоматтар желісінің артықшылықтарын пайдалана алады.
Айта кетейік, Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk+Qazkom банкоматтар желісі болып табылады.