Басты бет Жаңалықтар 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

10 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктерінің болжауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады.

Кей аймақтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, жел күшейіп, найзағай жарқылдайды.

Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы қаласы мен Алматы облысында да найзағай ойнап, жауын-шашын болуы мүмкін.

Күндіз Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version