Кей аймақтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, жел күшейіп, найзағай жарқылдайды.
Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, сондай-ақ Атырау, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы қаласы мен Алматы облысында да найзағай ойнап, жауын-шашын болуы мүмкін.
Күндіз Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.