Біздің галактикада жалпы саны жүз миллиардтан астам ғаламшар бар. Олардың арасында галактиканы еркін шарлап жүретін, көшпенді ғаламшарлар саны аз.
Астрономдар осыдан бірнеше жыл бұрын жұлдызы жоқ кеңістікте еркін қалқыған әлемнің бар екендігі туралы болжам айтқан болатын.
Жақында Навайи штаты университетінің ғалымдары PSO J318.5-22 атты еркін ұшып жүрген ғаламшарды тапты. Бұл ғаламшар ұшып жүрген әлем жерден 80 жарық жылда орналасқан.
Көшпенді ғаламшардың салмағы Юпитерден алты есе ауыр. Жасы — 12 млн жыл. Оны Мауи аралындағы Халикала тауында орналасқан Pan-STARRS 1 инфрақызыл телескоп көмегімен анықтауға мүмкіндік болған.
Астроном ғалымдардың зерттеу теориясына сәйкес, көшпенді ғаламшарлар екі жағдайда пайда болатын көрінеді. Бірінші жағдайда — басқа аспан денелерінің гравитациялық ықпал етуінен өз планетарлық жүйесінде пайда болады. Екінші болжам бойынша, әлем жұлдыздар кеңістігінде шаң бұлтынан өздігінен пайда болады. Көшпенді ғаламшардың қалай пайда болғандығы әлі зерттелу үстінде.