Ақорданың хабарлауынша, Президент «ҚР Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Бұдан бұрын, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мамыр айында Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісім аясында Қазақстан қырғыз еліне 100 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсететінін айтқан еді.
«Келісімге сәйкес, қазақстан Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы үдерісіне көмектесу үшін 100 миллион АҚШ долларына тең көмек көрсетеді», — деген еді Сүлейменов Парламент мәжілісінің жалпы отырысында.
Қазақстан 2014 жылы да Қырғыз еліне көмек ретінде 100 миллион доллар бөлген болатын. Сол кезде көрші елдің басшысы Алмазбек Атамбаев қазақстандықтарға Елбасыны қадірлеуге шақырған.
«Біз Еуразиялық экономикалық одаққа еніп жатырмыз. Әрине, Қазақстанда артық ақша жоқ. Бірақ Қазақстан Қырғызстанды қолдауға қаражат бөліп отыр. Бауырлас елден, бауырдан басқа кім мұндайды жасайды?», — деген еді Атамбаев Назарбаевтың қолынан орденмен маратталғаннан кейін.