«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» комиссияның барлық түрін алып тастады

Бұл туралы банктің басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова айтты.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Қазпошта» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Біздің банктің салымшылары «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесінен тегін ақыл-кеңес ала алады. Сонымен қатар, «Қазпошта» арқылы несиелерін жауып, депозиттерін толықтыруға мүмкіндіктері бар. Бұған дейін несиені жапқаны немесе депозитін толықтырғаны үшін 1 пайыз комиссия бекітілген еді. Енді бұл шара «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін тегін», — деді банк басқармасы төрағасы.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Қазпошта» бөлімшелерінің арқасында еліміздің барлық аймақтарындағы тұрғындарға сапалы қызмет көрсететін болады. Қызметтің осы түрі шамамен 950 мың салымшыға қызмет көрсете алады. Ал салымшылардың қаржысы шамамен 460 миллиард теңгені құрайды.

Соңғы өзгертулер бойынша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» депозит ашу үшін салымшы алдымен 15 мың теңге төлем жасауы керек. Салымшының бұл қаржысы толығымен өзінің шотына аударылады, комиссия ұстамайды.

Банктің онлайн қызметі де жолға қойылған. Қазірдің өзінде 200 мың салымшыға интернет-банкинг және мобильді банкинг арқылы қызмет көрсетілуде. Оның 47 мыңы мемлекеттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігін алды.

Дереккөз7kun.kz