Еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны 11 мамырда дүниеге келген. Ол Алматы облысы Талдықорған қаласында туған — Муслима Саматқызы. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі – Бестыбаев Самат Еркинбекұлы – мұғалім, 1982 жылы туған.
«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы мамырда Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетті, ал 18 миллионыншы тұрғынның туған күні 2017 жылдың 11 мамырына сай келді», — деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Комитет 18 миллионыншы тұрғынды АХАТ органдары 2017 жылғы 11 мамырда тіркеген туу туралы акт жазбалары мәліметтері негізінде қалыптастырылған туған күндер базасындағы туған балаларды іздеу жолымен анықтады.
Айта кетейік, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 18 миллионыншы дүниеге келген Талдықорған қаласында тұратын Бестібаевтар отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты.