Басты бет Жаңалықтар Кинотеатрлардың табысы 4 миллиардқа жетті

Кинотеатрлардың табысы 4 миллиардқа жетті

Жарнама, кино мен ақпараттық қызметтен түсетін табыс көлемі ұлғайып, кинотеатрлардың табысы 4,1 млрд теңгеге жетті.

©Көрнекі сурет

Мұндай ақпаратты статистика комитеті көрсетіп отыр. Кинотеатрлардың табасы былтырғы жылмен салыстырғанда 30,1 пайызға артық болды.

Кино түсіру мен телевизиялық бағдарлама түсіру қызметінен түсетін табыс та 16,4 пайызға ұлғайып, 2 млрд теңгеге жетті. Ал ақпараттық қызметтің табысы 54,9 пайызға ұлғайып, 19,8 млрд теңгеге жетті.

Өз кезегінде жарнама агенттіктерінің табысы 22,7 пайызға көбейіп, 28,9 млрд теңгеге жетті.

Ал құмар ойындарын ұйымдастыру бойынша түскен табыс 4 млрд теңге айналасында болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 4,3 млрд теңгені құраған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version