Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін 24 аумақтық бөлімшелержұмыс істейді. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 723, ал облыс бойынша 423. Ағымдағы жылы 29 мемлекеттік мекемелерде «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру»тақырыбында семинар өткені айтылды.
«Елбасының соңғы жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға және электрондық форматқа көшіру керектігі туралы айтылған. Яғни осы бастамамен бізде қазір дәстүрге айналып бара жатқан «Ашық мемлекет»мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізіледі. Оған кез-келген адам қатысып, өз сұрағына жауап алып кетеді. Былтырғы жылы ең өзекті деген баспана, жер, жұмыссыздық мәселелері алға тартылды», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бабашев Жансерік.
«Ашық мемлекет»жәрмеңкесі 2017 жылдың 6 шілдесінде «Жастар» паркінде өтеді.