Басты бет Жаңалықтар «Музарт» тобы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» қонақта болды

«Музарт» тобы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» қонақта болды

Астана қаласында «Музарт» тобы онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесті. Топ мүшелері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кездесу барысында Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Кенжебек Жанәбіловке «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығындағы» балалар өз өнерлерін көрсетті.

«Біз сіздерді жұбатуға, сондай-ақ көңілдеріңізді көтеріп, қуаныш сыйлауға келдік. Жаратушымыз сынақты көтере алатын жандарға береді, сондықтан көңілдеріңізді түсірмей, тек жақсы нәрсе ойлаңыздар», — деді әңгіме барысында Сәкен Майғазиев.

Сондай-ақ, кездесу соңында топ мүшелері олармен естелік суретке түсіп, қолтаңба берді.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version