Басты бетЖаңалықтарАктриса Айым Сейтметова "Мажорлар" фильмінде басты рөлді сомдады

Актриса Айым Сейтметова «Мажорлар» фильмінде басты рөлді сомдады

Айымның айтуынша, кинотаспа түсірілімі оған аса қиынға соқпаған. «Мажорлар» фильміндегі Камилла рөлін сомдаған Айым өзінің кейіпкері туралы:

«Кейіпкерімнің есімі — Камилла. Оған махаббат қызық емес. Ол ақшаны жақсы көреді. Камилла – жігіттің алдымен материалды жағдайы мен әлеуметтік беделіне қарайтын қыздардың прототипі деуге болады. «Мажорлар» — заманауи «алтын» жастардың өмірін көрсету арқылы, кейіпкерлердің әрекетінен сабақ алып, олардың қателіктерін қайталамауға үндейтін фильм», — дейді.

Айта кетейік, «Мажорлар» толықметражды фильмі айналымға 20 шілдеде шығады. Фильмнің режиссері — Жәнібек Ғұсманов, ал бас продюсері — Анар Рүстемова.

Дереккөзbrod.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да