3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

3 шілде күні Қазақстанның көптеген аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі мен бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болады.

Еліміздің тек оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Солтүстік және Батыс өңірлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Ақмола, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн ысып, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан облыстарында да қатты ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау облыстарында өте жоғары өрт қаупі бар.