2017 жылдың мамыр айында Елбасы бірқатар әскери қызметкерлерді мемлекеттік наградамен марапаттап, Қарулы Күштердің 25 жылдығының құрметіне 1 шілдеден бастап Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Ұлттық гвардияның және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерінің жалақыларын 25 пайызға көтеру туралы шешімін мәлімдеген болатын. Бұл шешім де бүгіннен бастап күшіне енді.
«Әлемдегі Тәуелсіз мемлекеттің қай-қайсысында болмасын Қарулы Күштің, құқық қорғау органдарының болуы қажет екендігін білеміз. Сондықтан мемлекет қиындықтарға қарамастан әскери қызметшілердің материалдық-техникалық базасын күшейтіп, қажетті жағдайларын жасау үшін барлық шараны қабылдауы керек», — деп атап өткен болатын Нұрсұлтан Назарбаев.
Мамыр айында ҚР Парламенті Мәжілісі зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру бойынша заң жобасын да мақұлдаған болатын. Заң жобасында зейнетақы заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді.
Үстіміздегі жылы зейнетақы мөлшерінің 20 пайызға дейін артуын ескере отырып, заң жобасында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін күнкөріс деңгейінен 50 пайыздан 54 пайызға дейін ұлғайту ұсынылған.
Осылайша, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері, азаматтардың еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар кезеңі: 10 жылдан аспаса, онда ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызын; 20 жыл болса — 74 пайызын; 33 жылдан асқанда — 100 пайызын құрайды.
Нәтижесінде, еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне неғұрлым көп қатысқан азаматтардың зейнетақысы жоғары болады. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2 млн зейнеткердің: 44,7 пайызы ең төмен күнкөріс деңгейінің 74 пайызынан жоғары алатын болады; 45,2 пайызы ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алады немесе базалық зейнетақысы бүгінгіге қарағанда 2 есе көп болады деп күтілуде.
Бұдан басқа, заң жобасында балалы отбасыларды мемлекеттік қолдауға бағытталған нормалар қарастырылған. Біріншіден, бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға арттыру көзделген. Жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға 31,41 айлық есептік көрсеткіштен 38 айлық есептік көрсеткішке дейін (71 270 теңгеден 86 222 теңгеге дейін), төртінші және одан көп балаға 52,35 айлық есептік көрсеткіштен 63 айлық есептік көрсеткішке дейін (118 783 теңгеден 142 947 теңгеге дейін) артатын болады.
1ші шілдеден бастап жәрдемақыға бірнеше пайыз қосылады деп еді ғой неге қосылмаған мен сол айсайынғы алып жүрген 9440теңгені алдым басқа қосылмаған неліктен менің сұрағыма кім жауап береді екен
мен 3топ мугыдекпин есту кабылеты томен болгандыктан 2017шілде айынан бастап оседы деп болжап еды неге косылмаган екен бул калай тусынуге болады екен
Зейнет акы жардем акы дейди бюджетте жумыс істейтіндер ше?Биздинде айлыгымыз мардымсыз елумын алатынымыз.Мұғалім медиктер дейди.
Мен көп балалы анамын.Маған жәрдем ақы берілеме.Алты балада он сегізге толмаған.Ешқандай көмек жоқ.Жолдасым жұмыста жоқ.Өзім декретте отырмын.Балаларға берілетін пасовия алмаймын.Осыған қандай көмек болады.
Əйелдерді 58жастан пенсияға шығардық деп жобаны бекітіп жоғарыда ғылар мəз боп отырау сірә. Қазір 58 жасқа жету деген үлкен мәселе екенін біле ма олар. Үйдің сырттың жұмысы оған ауруын қосыңыз.58 ге жетпес жұмысқа жарамай қалдық қой
58жастан пенсияға шығуларыңыз құтты болсын. Ол жасқа жетпей ақ жұмысқа жарамсыз боп қалдық.ал бізден кейін 63жасқа қалғандар қалай болады. Осыны ойлайтын кім бар екен. Əйелдерді болсамда Əйелдерге жаным ашып кетті
Үш. Бала. Туғанмын екинщи. Балам. Кайтыс. Болған. Озим. Тортиншисне. Екикабатпын канша. Жәрдемақы. Аламын