Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың көктемінде орын алған су тасқынының салдарынан аудан бойынша 650 астам нысан зардап шеккен болатын. Соның ішінде 644 тұрғын үйлер, Атбасар қаласындағы №1 орта мектеп пен «Есіл» балалардың сауықтыру кешені және көліктік коммуникациялар жүйесіне зақым келді.
Шығын көлемін есептеу мақсатында құрылған комиссия сарапшылары 467 тұрғын үйді апаттық деп таныса, 36 үйді бұзылғанын анықтады. Сондай-ақ, 168 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары қажет деген шешімге келді.