Басты бет Жаңалықтар 1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде найзағай болып, жел күшейеді.

Фото: En.eyeni.biz

Бүгін еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, осы аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан  облыстарында жел екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ыстық болады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы жоғарылап, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version