Бүгін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң қабылданды.
Жүйе бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер бірінші болып медициналық жарна төлеуі керек. Жеке кәсіпкерлер ертеңгі күннен бастап ең төменгі айлық жалақының 5 пайызын, яғни 2828 теңге, ал жұмыс берушілер қарамағындағы әр жұмыскер айлығының 1 пайызы мөлшерінде жарна аударуға міндеттеледі.