«Бүгiн қос палаталы Парламенттiң кезектi сессиясы аяқталды. Алтыншы шақырылған Парламенттiң екiншi сессиясы өте маңызды тарихи кезең болды. Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында Парламент депутаттары маңызды құжат – ҚР тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы декларациясын қабылдады», — дедi Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Мәжiлiс спикерiнiң айтуынша, екiншi сессияда қос палатаның 6 бiрлескен отырысы, Мәжiлiстiң 38 және Сенаттың 25 жалпы отырысы өттi. Осы аралықта Парламент 84 заң жобасын қабылдады. Ал жалпы Парламент қарауына 111 заң жобасы келіп түскен болатын. Оның ішінде 15 заң жобасына депутаттар өздерi бастамашы болды.
Парламент қабылдаған 66 заңға президент қол қойып, олар күшiне ендi. Сондай-ақ, көптеген халықаралық келiсiм ратификацияланды. Парламентте өткен түрлi жиындарда көптеген сала талқыланып, парламент жұмысы ашық жүргiзiлдi.