Басты бетЖаңалықтарАдамзатқа жақын...

Адамзатқа жақын арада Жер ғаламшарынан көшу керек — Стивен Хокинг

Ғалым Стивен Хокингтің айтуынша, 30 жылдың ішінде Айда база орнатуға болады. Ал Марста орнату 30 жыл уақытты қажет етеді. Физик Ай мен Марсқа өсімдіктер мен жануарлардың, саңырауқұлақтардың сынамаларын жіберуді ұсынды.

«Менің ойымша, адамдар Жер планетасынан жақын арада көшуі керек. Себебі, мұндағы біздің физикалық ресурстарымыз тез сарқылып барады», – дейді британдық ғалым.

Хокингтің пайымдауынша, миграция жаһандық жылынуға байланысты мәселелерден алшақтауға көмектеседі. Сондай-ақ астероидтің құлауынан да құтылуға септігін тигізеді. Оның ойынша, тек осылай ғана адамзат өмір сүруін жалғастыра алады.

CNBC мәліметінше, Хокинг бұған дейін де уақыт өткен сайын жаһандық апаттың болу қаупі артып келе жатқанын хабарлаған. Оның болжауынша, апат алдағы 1000-10000 жылда болады.

Физиктің айтуынша, апаттан құтылудың жалғыз жолы – басқа ғаламшарларға көшу. Оның тұжырымдамасындағы басты қауіптер: Жерге астероидтардың құлауы, климаттың өзгеруі мен Жер бетіндегі адамзат санының шектен тыс артуы. Сондай-ақ ядролық соғыс, жаһандық жылыну, генетикалық модефикацияланған вирустар мен жасанды интелект те апат болып келмек.