Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 323 ойыншы тіркелген болса, оның 103-і шетелдік ойыншылар. Футболшылардың орташа жасы — 27,5. Жаңартылған деректерде, еліміздің ең қымбат футбол клубтарының тізімін алматылық «Қайрат» (20 680 000 еуро) пен ел чемпиондары «Астана» (17 200 000 еуро) командалары бастап тұр.
Айта кетейік, Неманья Максимович 2015 жылдан бастап Астана сапында өнер көрсетті. Сербиялық 1 шілдеден бастап Валенсияға қосылып испаниялық LaLiga-да өнер көрсетеді.