29 маусымдағы ауа райына болжам

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 29 маусым күні елдің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды "КазГидромет".

©inform.kz

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында 15-20 м/с екпіндегі жел шаңды дауылмен бірге көтеріледі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Сондай-ақ күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version