Мерекелік шарада Ақмола облысы әкімінің атынан құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель БАҚ-тың қоғамда алатын орны зор екендігін атап өтті.
Шара барысында көптеген ақмолалық журналистер түрлі дəрежедегі наградаларға ие болды. Оның ішінде облыс әкімінің арнайы тағайындаған «Алтын қалам» байқауы бар. Он бес аталым бойынша жеңімпаз болғандарға 100 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 96 БАҚ тіркелген. Оның 81-і баспа, 15-і электронды ақпарат құралдары.