Басты бетҚоғамЖурналистердің сауалына...

Журналистердің сауалына жауап бермеген қызметкер жұмыстан кетеді — Дәурен Абаев

«Журналистер соңғы кездері жауап берілген ақпараттың сапасыздығын айтып шағымданып жатыр. Біз барлық мерзімді журналистердің пікірімен санаса отырып жазып шықтық… Ал журналистің сұрағына уақытында жауап бермеген қызметкер жұмыстан шығарылады. Бұл қарастырылған», — деді министр.

Оның айтуынша, БАҚ сауалына жауап беру мерзіміне де түзетулер енгізіледі. Қазіргі ресми хабарламаның аясында журналист сауалына жауап екі күн ішінде келуі керек. Егер ресми сауалхатқа қатысы жоқ сауалға 15 күн ішінде жауап береді.

«Біз бұл мерзімді мемлекеттік орган сізге сапалы жауап берсін деген мақсатпен әдейі ұзарттық. Біз бәрін анықтадық. Қазір журналистердің 90 пайызы алған жауаптарына көңілдері толмайды», — деді Абаев.

Дереккөз7kun.kz