1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы қымбаттайды

«Казахстанская правда» газетінде жарияланған ақпаратқа сүйенсек, аталған баға биыл 30 қыркүйекке дейін сақталады. 2 тоқсанмен салыстырғанда сұйық отынның құны 8,6 пайызға көтеріліп отыр.

Алдағы уақытта көлік салығы жанармай бағасына қосылуы әбден мүмкін. Бүгін халық алдында есеп берген бас қаржыгер Бақыт Сұлтанов осылай деді. Қаржы министрінің айтуынша, қазір аталған бағытта талқылаулар жүріп жатыр.

«Бұл жанармай бағасына тікелей әсер етеді. Сондықтан мәселені жан-жақты қарастыру керек. Қазір біз бизнес өкілдерімен кездесіп, талқылап жатырмыз. Тиісті есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жанармай қымбаттаса, басқа да салаларға әсер етпей қоймайды»,- деді Қаржы министрі.

ДереккөзAstanatv.kz