2017 жылы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өспейді

«Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы биыл көтерілмейді. Өткен жылы өздеріңіз білесіздер, азаматтық қызметкершілердің жаңа жүйесін енгізген кезде денсаулық сақтау және білім саласының жалақысының өсімі тіркелді. Сондықтан, ары қарайғы жағдай бюджеттің мүмкіншіліктеріне қарай қарастырылады. Жалпы, бұл мәселеге өте мұқият қарауымыз керек», — деді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді. Онда министр 2016 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, онлайн жүйесінде өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және министрліктің келешектегі жұмыс жоспарымен бөлісті.

ДереккөзInform.kz