Басты бетҚоғамДін туралы...

Дін туралы заңға енгізілетін өзгерістерді қарау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды

 Құжатты жасақтауға эксперттер, ғылыми қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылған арнайы жұмыс тобы құрылды.

Заң жобасында «құдайға құлшылық ету», «діни әдебиет», «діни радикализм», «деструктивті діни ағым» сынды ұғымдарына анықтама беріледі. Сонымен қатар, қазір қазақстандықтардың шетелде діни білім алуына шектеу қою туралы эксперттердің ұсынысы қарастырылып жатыр. Дегенмен, ресми тіркелген діни бірлестіктердің жолдамасы болған жағдайда, шетелде діни білім алу мүмкіндігіне шектеу қойылмайды.

Бұдан бөлек діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету, діни әдебиетті тарату бойынша жауапкершілікті арттыру, қоғамдық орындарда адамның түрін тануға кедергі келтіретін киімдерге заңмен тыйым салу, және т.б. өзгерістерді енгізу қарастырылуда.