Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтату, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Онлайн режимінде берілген өтініштер прокуратураға түсіп, жұмысты жеңілдетеді. Осы инновациялық жобаның тиімділігі туралы облысымызда да мысалдар бар. Мәселен, «Қамқорға» «Талдықорған комфорт» ЖК азамат Д. Талипов Талдықорған қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкеріне заңсыз әрекеті туралы арыз түсірген. Осы заңсыз араласу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды», — деді Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Алмас Қыдырбайұлы.
«Қамқор» мобильдік қосымшасын Google play және AppStopre қосымшалары арқылы тегін жүктеп, тексерудің шынайы тіркелгендігін білуге болады.