Головкин келесі жекпе-жегін ресейлік боксшыға қарсы өткізеді

Ресейліктің менеджері Кэмерон Данкиннің айтуынша, Головкиннің командасы оған телефон соғып, жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасаған. Боксшы бұл ұсынысты бірден-ақ қабылдаған.

«Головкиннің командасынан ұсыныс түскен уақытта мен бірден келісімімді бердім. Мен мұндай мүмкіндікті көп күттім, біз жекпе-жек өтетін күнге дейін дайын боламыз. Қазір кездесуді өткізетін күнді келісіп жатырмыз», — дейді М.Коробов.

Бұған дейін белгіленгеніндей, Головкин 23 сәуірде багамдық Туреано Джонсонға қарсы IBF чемпиондық белбеуін қорғауы тиіс болатын. Алайда, Джонсон жарақат алып, кездесуден бас тартты.

Айта кету керек, ресейлік боксшы Матвей Коробов 16 қаңтарда өткен соңғы жекпе-жегінде мексикалық Хосуэ Овандоны ұтты. Оның алдында ирландиялық Энди Лиден ұтылып, ұзақ уақыт рингке шықпай қойған болатын. Ал Головкин соңғы кездесуін канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізіп, қарсыласын 8-раундта нокаутпен жеңді.

Дереккөзbnews.kz