Басты бет Жаңалықтар Қанат Қарауылов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды

Қанат Қарауылов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы əкімі Мəлік Мырзалиннің 2017 жылдың 26 маусымдағы өкімімен аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде Қанат Серікұлы Қарауылов Бурабай ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша аудан активіне жаңа басшыны таныстырған Мәлік Мырзалин өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттер мен Елбасының тапсырмаларына тоқталып, Қанат Қарауыловқа алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге, ол аудан активі алдында жаңа әкімге сенім білдіріп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version