25 маусымда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4113 түлек қатысты. Оның 3428-і — қазақ тілінде, 685 адамы орыс тілінде тест тапсырды.
Бұл күні түлектерден 4348 тыйым салынған зат алынды.
Орташа балл – 78,94.
Биыл ҰБТ республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. Барлығы 92 827 түлек ҰБТ тапсырады, оның ішінде: 69 209 – қазақ тілінде және 23 618 – орыс тілінде.