Терроризмге қарсы бағытталған фильм жарық көрді

Шара аясында «Замануи әлемдегі дін» («Религия в современном мире») кітабының және «Салауат» оқу-мәдени орталығының «Мемлекет пен қоғамның мақсаты – антитеррор» («Антитеррор — задача государства и общества») атты деректі фильмінің тұсауы кесілді.

«Еліміздің ірі мегополисі саналатын Алматы қаласында 17 конфессия (республика бойынша 18) жұмыс істейді. Қаланың үштен бір бөлігін 30-ға дейінгі жастар құрайды және мұнда еліміздегі студенттердің 30 пайызы білім алуда. Көп жағдайда, жастардың түрлі қалыпты жағдайдан тыс әлеуметтік топтарға еріп кететінін ескерсек, біздің басқарма бұл мәселеде тыңғылықты істер атқаруда», – дейді Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков.

Ғылыми жиынға ф.ғ.д., профессор, Жоғарғы мектеп ғылыми Академиясының академигі Әбсаттар қажы Дербісәлі, қаладағы Орталық мешіттің бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы, Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмханов және тағы басқа отандық және шетелдік діни ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері мен ҮЕҰ қатысты.

Айта кетейік, бұл шара «Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мемлекеттік бағдарламасын» тиімді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.