Басты бет Жаңалықтар Таразда «Тегін нан» акциясы өтіп жатыр

Таразда «Тегін нан» акциясы өтіп жатыр

Таразда мұқтаж адамдарға тегін нан таратылуда, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

«Ерекше мұқтаж жандар үшін тегін нан» акциясы қайырымдылық есебінен ұйымдастырылған. Қала кәсіпкерлері тұрғындардың осал топтарын осылайша қолдауды шешіті. Ниет білдірген кез келген адам, егер шынымен мұқтаж болса, бөлке нанды тегін ала алады. Дүкендерде нан сенім принципімен таратылуда», — деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Шара бес жекеменшік және он әлеуметтік азық-түлік дүкенінде басталған. Әрбір дүкенге бүгін 100 бөлке нан әкелінді.

Бұл акция өткізіліп отырған адамдардың арасында зейнеткерлер, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар бар.

Ұйымдастырушылар әлеуметтік акцияны Жамбыл облысындағы басқа аудандардың кәсіпкерлері қолдайтынын күтіп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version