Оның дерегінше, доңыз тұмауын жұқтырғандардың 10-ы – жүкті әйелдер, 17-сі – 14 жасқа дейінгі балалар болған.
«Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты. Емделіп, үйлеріне жіберілді» дейді жұрт арасында доңыз тұмауы жайлы қауесет көп тарап жатқанын айтқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
Бұған дейін Қазақстан ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин елде доңыз тұмауынан бір адам қайтыс болғанын хабарлаған.
Бұрынғы совет республикаларында H1N1 вирусынан ондаған адам көз жұмды.