Алматыда жол ақысы қымбаттауы мүмкін

Онсыз да автобустардың біразы бұзылып, жолға жарамай тұр екен. Одан қалды, компания автопарктің қордаланған қарызын өтеуі тиіс. Осының бәрін алға тартқан шымкенттік кәсіпкер бар жағдай жолақыға тірелгенін айтады. Бұл тасымалдаушы Шымкентте де билет құнын көтермекші. Ол жақта да қоғамдық көліктерге қожалық еткен компания бағаны 50 теңгеден бірден 70 теңгеге өсіруді жоспарлап отыр. Атап өтсек, өткен жұмада ғана Алматыдағы муниципалдық автопарктің 70 пайызы жекенің қолына өткен болатын. Қоғамдық көліктердің жартысынан көбі тендерге түскенімен, тозығы шыққан трамвайлардың әзірге ешкімге қажеті болмай тұр.

Бауыржан Құлышев, «Green bus company» ЖШС директоры:

— Мынау девальвациямен 70 теңге емес, 120 теңге сұрау керек тариф Шымкентте өзінде! Ал Алматыда  өзіңіз ойлаңыз, 3 жыл бұрын көтерген бағаны. Теңге курсы 180 болған, қазір уже 360! А запчасттар барлығы шетелден алып жатырмыз. Запчасттар, май бәрі полностью екі есе қымбат болды. Көтермесе, мен білмиеймін мынау біздің перевозчиктар шыдамайды осы жерде.

Дереккөзktk.kz