Отасқандарына 16 жыл болған ерлі-зайыптылар үш ұлды тәрбиелеп отыр. Үлкені ұлы 8-сыныпта оқыса, ең кішісі биыл бірінші сыныпқа бармақ.
Жақында бұл отбасы Алматы қаласындағы № 2 балар үйінен Умида есімді қызды асырап алды. Отағасының айтуынша, жетім қызды асырап алу туралы ұсынысты әйелі жасаған. Балажан əке ұсынысты бірден қабыл алған.
Кішкентайында дәрігерлер ДЦП диагнозын қойған бала көрсетілген ем-домның нәтижесінде біртіндеп жазылып келеді. Сондай-ақ, осы отбасына келгеніне бір айдың жүзі болған Умида асыранды ата-анасы мен үш бауырына бауыр басып келеді.